Мәзір
30 қаңтар, 2026 / BuginMedia / Жаңалықтар

Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Биволдың бұрынғы жұбайы сотталды

Жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол Ресейде қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін сотталды,  buginmedia.kz Gazeta.Spb-қа сілтеме жасап.

Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Биволдың бұрынғы жұбайы сотталды Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Биволдың бұрынғы жұбайы сотталды
Фото: instagram.com/bivol_kate

«Санкт-Петербор қаласының Ленин аудандық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әйелге өшпенділікті қоздыру туралы бап бойынша 60 сағаттық міндетті қоғамдық жұмысқа тапту жазасы тағайындалды», – делінген бейсенбі күні жарияланған хабарламада.

Қылмыстық іс боксшының бұрынғы жұбайы түсірген бейнежазба негізінде қозғалған.

«Бейнероликте айыпталушы қырғыздар мен қазақтардың атына бейәдеп сөздер қолданған. Видео кейінірек өшірілгенімен, бұл Биволды жауапкершіліктен құтқармады, оның аккаунты бұғатталды. Кейін сотталушы жаңа видеоүндеу жариялады. Онда Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарынан өзіне қоқан-лоқы көрсетілгенін мәлімдеді. Заңгермен кеңескеннен кейін ол қорқыту жасаған тұлғаларды сот жауапкершілігіне тартуды жоспарлаған», – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 27 қазанда Қырғызстан соты Екатерина Биволға ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша қамауға алу ордерін бергенін хабарлаған болатын. Ал 31 қазанда Биволдың бұрынғы жұбайын Қазақстанның құқық қорғау органдары да іздеуге жариялағаны мәлім болды.

Қазан айының екінші жартысында Бивол таратқан видеоларда ол қырғыздарды ғана емес, қазақтарды да қорлап, балағат сөздер қолданған. Оның үстіне, соңғы айларда бұл мұндай алғашқы жағдай емес еді.

13 қарашада ҚР ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Қазақстанның Екатерина Биволды ұстау мәселесі бойынша Ресеймен байланысқа шыққанын хабарлады.

14 қарашада Ресей ІІМ Биволдың қазақтар мен қырғыздар туралы айтқан сөздеріне байланысты тексеру бастағанын мәлімдеген еді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2