Мәзір
Бүгін, 16:26 / BuginMedia / Әлеумет

“Қазаққа Алланың мықты бір азабы керек. Күйретші”: Қарағандылық мұғалімнің желідегі жазбасы көпшілікті шошытты

Қарағандылық мұғалімнің орамал тағуға қатысты жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

“Қазаққа Алланың мықты бір азабы керек. Күйретші”: Қарағандылық мұғалімнің желідегі жазбасы көпшілікті шошытты “Қазаққа Алланың мықты бір азабы керек. Күйретші”: Қарағандылық мұғалімнің желідегі жазбасы көпшілікті шошытты
Ашық дереккөз

Мұғалім жазбасында Қазақстанға қатысты өткір пікір білдірген.

«Қазақтарға, Қазақстанға мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші», – деп жазған ол.

Кейін бұл жазбаның авторы Қарағандыда мұғалім болып жұмыс істейтіні белгілі болған.

Осыған байланысты коуч Роза Әшірбаева оқушыларды мұндай көзқарастағы мұғалімдерден қорғау қажет екенін айтты.

«Мынадай радикалды көзқарастағы адамдар қалай мектепте жұмыс істеп жүр? Құрметті, Жұлдыз Досбергенқызы, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, балаларды осындай көзқарастағы мұғалімдерден қорғауыңызды өтінемін», – деп жазды ол Threads желісінде.

Көпшіліктің наразылығынан кейін мұғалім кешірім сұрады.

”Үш балам бар. Кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепте хиджаб киюге қатысты жазған жазбам үшін баршаңыздан кешірім сұраймын”, — деді

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2