Мәзір
17 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Мен адам өлтірдім бе?»: Мәжілісте анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді

Мәжіліс отырсында анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Мен адам өлтірдім бе?": Мәжілісте анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді "Мен адам өлтірдім бе?": Мәжілісте анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров өзін сынағандарға жауап берді
Фото: Мәжіліс

Депутаттың айтуынша, сынға ұшыраған әрекет мәжілістің этика комиссиясында қаралмаған. 

“Жоқ, қаралған жоқ. Не үшін? Мен адам өлтірдім бе? Әлде бір нәрсе бүлдірдім бе? Мен тек анама құрмет көрсеттім. Сіз де анасыз ғой. Сондықтан сіздің де балаңыз сізді Ақордадан құттықтап жатса сіз де қуанар едіңіз. Ешқандай әбестігі жоқ. Ешкім мені парламентте қаралаған жоқ. Басшылық та, әріптестерім де мені қолдап отыр”, – дейді депутат. 

Депутаттың айтуынша, оны сынап жатқандар өз ата-анасын құрметтемейтін адамдар.

“Адамдар әртүрлі. Біреу қызғануы, біреу түсінбеуі мүмкін. Бірақ жалпы халық қарсы болған жоқ. Қарсылық танытып отырғандар – өз анасын құрметтемейтіндер. Ал анасын ардақтайтындар менің сөзімді қолдайды. Мен өз ұстанымымнан бас тартпаймын. Демалыс күндері анама барып, сыйлық беріп, қуантып қайттым. Бұл – менің ұл ретіндегі парызым”, – деді депутат.

Еске салсақ, бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал қою үшін микрофон сұраған депутат Ардақ Назаров сөзін анасын туған күнімен құттықтаудан бастағаны үшін сынға қалған еді. 

Осыған орай журналистер Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан анасын жалпы отырыс барысында құттықтаған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалықты орынды екенін сұраған болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2