Мәзір
12 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

Жақында Түркістан облысында ер адам өзінің қарт әкесін ұрып өлтіргені туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бүгін күдіктінің келіншегіне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады buginmedia.kz.

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан алынды

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қарт адамды ұрып-соғып жатқан видео тараған. Видеода қарияның беті қанға боялғаны анық көрінеді. Ақсақал орнынан тұра алмаған соң, баласы әйелін шақырып алып, екеуі ақсақалды сүйреп алып кеткен.

Кейін видеода баласы әкесін ұрып-соққаны анықталды. Ал әйелі оны тоқтатпаған. Видеоны көршісі жасырын түсіріп алған.

Полиция департаменті хабарлағандай, әкесінің өлімінен кейін ұлына қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінің "Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ ұлының әйеліне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 3-бабы 2-бөлігінің 109-1-тармағы бойынша "Көрінеу дәрменсіз күйде не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамды ұрып-соғу" бойынша қозғалды.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен бірге тергеу барысында өтініште баяндалған барлық дәлел тексеріледі және ол аяқталғаннан кейін қылмыстық процестің барлық қатысушыларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Түркістан облысы ПД.

Полиция хабарлағандай, жақындары тарапынан ұрып-соғу зейнеткердің өліміне әкеліп соқтырғанша жәбірленушіден немесе басқа адамдардан органдарға зорлық-зомбылық фактілері бойынша арыз түспеген.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынғанеді.

Ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Түркістан облысы ПД Шардара аудандық полиция бөлімі "Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2