Мәзір
9 қыркүйек, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Ұл балалар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Тараздағы мектеп интернатында сұмдық жағдай болды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады buginmedia.kz.

«Ұл балалар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Тараздағы мектеп интернатында сұмдық жағдай болды «Ұл балалар қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Тараздағы мектеп интернатында сұмдық жағдай болды
Фото: pexels.com

Кадрларда бірнеше ұл бала қызды дәретханаға тартып кіргізіп, сосын кабинаны жауып жатқаны көрінеді.

Жамбыл облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың айтуынша, қыз дәретханадан қателескен. Содан кейін балалар оны кабинаға сүйреп әкелген. Бірақ оған қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалмаған.

Балалар омбудсменінің айтуынша, мектеп әкімшілігі бұл оқиғаны жасыруға тырысқан.

Бұл интернаттың әкімшілігі жоғары органдардан, білім беру басқармасынан, облыстық полиция департаментінен барлығынан жасырған. Қазіргі уақытта комиссия тексеру жүргізді. Тәрбиешілерге, мұғалімдерге, әкімшілік пен директорға тәртіптік жаза қолданылды.

Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ оны ата-анасының қалауы бойынша басқа мектепке ауыстырған.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты ешкімнен арыз түспегенін хабарлады. Алайда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында бейнежазбалар бойынша тексеру жүргізілді.

"Оқиғаға қатысушылардың бәрі – 1 және 2 сынып оқушылары анықталды. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді", - деп түсіндірді полицейлер.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына болған жайтты хабарламау фактісіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына лауазымды тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныс жолданды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2