«Оқып келдім. Одан кейін тасбиығыңды тартасың, дұға етесің. Түнде демалғанда, үлкендер келіп: «Санат деген сен бе?» деді. Менің көзім ояу, ашық жатыр. Сосын: Иә, менмін дедім. Ұйықтай алмайсың, басып тұр, тіпті қозғала алмайсың. Үлкендігі есікпен бірдей, ал ұсқыны енді құдай сақтасын. Онда қазір сені қылғындырамыз деді. Ал мен «мені қылғындыра алмайсың» дедім. Неге екенін сұрады. Менде құрал бар дедім. Анау келіп шапты, сол бойда Аят Аль-курсиді оқыдым. Жалпы ұйықтап жатқан кезде үнемі оқимын. Ана фильмдерде лазері бар перделер болады ғой. Солар Алланың қалауымен шықты. Маған 4-5-еуі шапқан кезде олар соған күйіп қалды да, өртене кетті. Содан бері бірде-біреуі келген жоқ қой», – дейді имам.