Оқиға Тасқала ауданында 22 тамыз күні болған. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы қызының жоғалғанын айтып аудандық полиция бөліміне сағат 21:20 шамасында хабарласқан.
«Анасының айтуынша қыз дүкенге танысымен бірге кетіп, қайта оралмаған. Дереу жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшесі жұмылдырылды», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу амалдары жүргізілуде
Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 23 тамызда полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол жоғалған қыздың қайда екенін көрсетті. Қыз ауыл шетінен табылды.
Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.