Мәзір
Бүгін, 15:32 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астананың автобустарында жәшік көтеріп жүретін балалар 3 қорға 340 млн теңге жинап берген

  Елордада жасөспірімдерді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау деректері анықталды, 

Астананың автобустарында жәшік көтеріп жүретін балалар 3 қорға 340 млн теңге жинап берген Астананың автобустарында жәшік көтеріп жүретін балалар 3 қорға 340 млн теңге жинап берген
Фото: massaget.kz

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және көшелерде рейдтер жүргізілді.

"Барлығы 8 кәмелетке толмаған (2008–2010 ж.т.) жасөспірім анықталды. Олармен ешқандай шарт жасалмастан, 3 қайырымдылық қоры оларды волонтер ретінде тартқан (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 86-бабының 3-бөлігін бұзу).  Аталған қорлар «қайырымдылық» деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 млн  теңге жинаған", - делінген ақпраратта.

   Аталған дерек бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша) қылмыстық іс қозғалды.

   Іс аясында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қордың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілетін болады.

  

Апта талқысында: