Мәзір
Бүгін, 14:14 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ата-әжесіне қонаққа келген: Үржарда көлік қағып кеткен 6 балаға қатысты тың дерек шықты

Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ата-әжесіне қонаққа келген: Үржарда көлік қағып кеткен 6 балаға қатысты тың дерек шықты Ата-әжесіне қонаққа келген: Үржарда көлік қағып кеткен 6 балаға қатысты тың дерек шықты
Фото: freepik.com

Абай облысы әкімдігі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алуда.

"Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.

Апта талқысында: