Мәзір
Бүгін, 09:17 / BuginMedia / Жаңалықтар

Үржарда жүргізуші аулада отырған алты баланы қағып кетті: үшеуі қайтыс болды

Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында жантүршігерлік жағдай болды. Жүргізуші көлікті басқара алмай, аулада ойнап отырған алты баланы қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында, біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Үржарда жүргізуші аулада отырған алты баланы қағып кетті: үшеуі қайтыс болды Үржарда жүргізуші аулада отырған алты баланы қағып кетті: үшеуі қайтыс болды
Фото: РИА Новости

Syrmedia мәліметінше,Бестеректе балаларды қағып кеткен жүргізушінің ұлы хабарласып, әкесі туралы айтып берген. 

Оның айтуынша, әкесіне рөлде отырған сәтте ұстамасы ұстап қалған. Әкесі жұмыссыз болған, денсаулығы да нашар болған. Ұлының айтуынша, ол қазір оқиға орнына Астанадан жолға шығып бара жатыр. 

19 тамызда түнде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысы Үржар ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен құрамында реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар медициналық бригада ұшты.

Денсаулық сақтау министрлігі сағат 23.43-те Абай облысының Үржар ауданына жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясына тиесілі С-295 ұшағы дәрігерлермен келгенін хабарлады. 

Апта талқысында: