Мәзір
Бүгін, 12:29 / BuginMedia / Жаңалықтар

3 трлн теңгеден көп қарызы бар ҚТЖ топ-менеджерлеріне неге миллиондап бонус төлейді?

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов 3 трлн теңгеден көп қарызы бар  ҚТЖ топ-менеджердеріне неге миллиондап бонус төлейді деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

3 трлн теңгеден көп қарызы бар ҚТЖ топ-менеджерлеріне неге миллиондап бонус төлейді? 3 трлн теңгеден көп қарызы бар ҚТЖ топ-менеджерлеріне неге миллиондап бонус төлейді?
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Үкіметтің өткен отырыстарының бірінде ҚТЖ басшысы болған, қазір көлік министрі қызметін атқаратын Нұрлан Сауранбаев ұлттық компанияның қарызы 3 трлн теңгеден асатынын мәлімдеген. Солай бола тұра 2023 жылы «ҚТЖ» ҰК топ-менеджерлер мен директорлар кеңесінің мүшелеріне 790 млн теңге бөлген. Бұл бағыттағы шығынды ұлттық компания қысқартқалы отыр ма  деген сауал қойды журналист.

«Бірінші, бізде 3 трлн 200 миллион теңге қарыз бар. Бірақ табысымыз шығысымызды жабуға жетеді. Уақытында жауып отырмыз.  Екіншіден, бонусты директорлар кеңесі шешеді. 2024-2025 жылға қанша бонус бөлінгені туралы ақпарат шыққан жоқ», - деді Талғат Алдыбергенов.

Апта талқысында: