Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан К. есімді күдікті Теренкара ауылының шетінде ұсталған. Іздеу басталғаннан бастап барлық полиция күштері жұмылдырылып, Алматы облысы ТЖД, еріктілер топтары мен жергілікті тұрғындар белсенді қолдау көрсеткен. Күдікті қайтадан изоляторға орналастырылды және оған қашып кеткені үшін қосымша қылмыстық бап бойынша айып тағылды.
Алматы облысы Полиция департаменті іздестіру шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысын білдірді. Бұған дейін күдіктіге қатысты блокпосттар қойылып, оның белгілері мен деректері халыққа хабарланған еді. 24 қазанда кешкі уақытта оны іздеуге 200-ге жуық ерікті жұмылдырылды.