Мәзір
4 тамыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Бағанашылдағы балалар үйінен 2 қыз жоғалып кетті

Бұған дейін Қонаев қаласына көшуге қарсы болып, ел президентінің тікелей араласқанының арқасында Алматыда қалған Бағанашылдағы  №1 балалар үйінен 2 қыз жоғалды, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бағанашылдағы балалар үйінен 2 қыз жоғалып кетті Бағанашылдағы балалар үйінен 2 қыз жоғалып кетті
Фото: lider.kz

Олар Кристина Белгородская (2009 ж.т.) және Маргарита Черепанова (2010 ж.т.). Бостандық ауданындағы мекемеден қыздар 18 шілде күні таңертең қашып кеткен.

Полиция іздестіру ісін бастады. Балалар үйінен жасөспірімдердің қашуы бірінші рет емес. Бірақ бұған дейін қашып кеткен балалар ылғи да табылып отырған. 

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйі туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ, балалар үйінің тәрбиешілері жуырда оларға қысым көрсетіліп, өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға мәжбүрлеп жатқанын хабарлаған еді. Алайда Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Жасөспірімдерді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Апта талқысында: