Ақмола облысы прокурактурасы хабарлағандай, кейіннен бұл оқиғаны ол ененсінен жасыру үшін үйіндегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған.
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды.
Нәтижесінде азаматша «Н» қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны туралы прокуратура ескертеді", - делінген ақпаратта.