Қайғылы жағдай кеше болған. Бойжеткен жоғарғы оқу орнының ректораты орналасқан ғимараттың 14-қабатынан секіріп кеткен. Қазір полиция қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға тұрмыстық жағдай себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жүріп жатыр
«Аталмыш дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ-мен ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда белгілі болғандай бойжеткен хат қалдырған. Сол хатының мәліметіне сүйенетін болсақ, оқиғаға отбасылық жағдай түрткі болды. Нақты мән-жайлар және себеп-салдар анықталуда», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Университет басшылығы оқиғаға қатысты толық пікір беруден бас тартты. Олардың айтуынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан, ресми ақпаратты тек құқық қорғау органдары ұсынады. Ал оқу орны бұл мәселеге байланысты өзге сұрақтарға жауап бермейтінін мәлімдеді.
«Істің мән-жайы анықталып жатыр. Сондықтан болған оқиғаға қатысты қандай да бір түсініктеме бере алмаймын. Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы ПД немесе Бостандық аудандық Полиция басқармасына хабарласуларыңызды сұраймын», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшесі, проректор Еркін Дүйсенов.