Sputnik.kz мәліметінше, экипаж мүшелерінің бірі – Павлодар облысының тумасы, 32 жастағы 15 жылдық еңбек өтілі бар Бахтияр Ержігітов. Ол отбасында жалғыз ұл екен. Оның отбасында төрт жастағы ұлы мен екі жасар қызы бар. Қазіргі уақытта оны туыстары күндіз-түні іздеп жатыр.
«11-сыныпты бітіріп, Ақтөбедегі әскери училищеге оқуға түсті. Оқу орнын бітірген соң мамандығы бойынша қызметке кірісті. Бортинженер болып жұмыс істейді», – деді апасы Аймереке Бегімова.
Одан басқа тікұшақта тағы да екі адам бар. Олар Аман Амангелді мен Нұржігіт Үйсінбаев. Үшеуі де Қазақстанның оңтүстігіндегі бір әскери бөлімде қызмет етеді.