Мәзір
28 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Анасының мәйітін үйінде 10 жыл бойы сақтаған ер адам ұсталды

Жапония полициясы 60 жастағы ер адамның 10 жыл бойы 95 жастағы анасының мәйітін пәтерінде ұстағанын анықтады,  деп хабарлайды buginmedia.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Анасының мәйітін үйінде 10 жыл бойы сақтаған ер адам ұсталды Анасының мәйітін үйінде 10 жыл бойы сақтаған ер адам ұсталды
Фото: pinterest.com

Такехиса Мияваки полицияға анасының он жыл бұрын қайтыс болғанын айтты, бірақ әлеуметтік фобияға байланысты бұл туралы хабарламаған.

Бұл іс 22 мамырда мемлекеттік қызметкердің Миявакиді көшеде ақсап бара жатқанын байқап, жеке мәліметтері мен анасы туралы сұрағанда, Мияваки ол туралы айтудан бас тартып, күдік туғызған.

Бұдан кейін шенеунік жергілікті полицияға хабарлаған.

Тексеру кезінде пәтер ішінен үйіліп жатқан қоқыс пен әжетханада жатқан адам қаңқасы табылған. Мияваки бұл – 95 жасында он жыл бұрын қайтыс болған анасының сүйегі екенін мойындады. Оның айтуынша, ол анасын әжетханада өлі күйінде тауып, сол жерде қалдырған.

Сараптама сүйектің шынымен Миявакидің анасына тиесілі екенін растады. Алайда зорлық белгілері табылған жоқ.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Апта талқысында: