Мәзір
28 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшыраған жерден видео жарияланды

Жамбыл облысы ПД атақты спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына түскен жерден видео жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшыраған жерден видео жарияланды Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшыраған жерден видео жарияланды
Фото: qaz365.kz

2025 жылғы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы «Алматы-Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.Аталған дерекке қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Апта талқысында: