Электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2024 жылғы 21 қазанда қол қойды. Құжат 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық бойынша, электр энергиясының шекті тарифтері өседі:
1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС–1) - кВт/сағ үн 8,05-тен 8,27 теңгеге дейін;
2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ ("Степногор ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ ("Жаңажол ГТЭС" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ ("Қазхром" ТҰК" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сондай-ақ, электр энергиясына мына тарифтер бекітілді:
56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге тарифімен;
57-топтың тарифі 56,63 теңге;
58-топтың тарифі 26,08 теңге;
59-топтың тарифі 22,56 теңге;
60-топтың тарифі 3,07 теңге.