Адвокаттың айтуынша, бұл іске қатысты апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтпек.
"Думан Ысқаққа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі бойынша тағайындалған жаза толық өтелгендіктен, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен оған қатысты бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", – деді Мейірман Шекеев.
Айта кетенйік, 5 маусымда Шерзаттың өлімі бойынша 9 сотталушы 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды.
Қылмыстық істің басты фигуранты Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.
Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.
Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.
Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты топтық төбелес кезінде өлітірп кетті. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырды.