Соттың хабарлауынша, таңертеңгі бөлімде заттай дәлелдемелер зерттелді.
Сондай-ақ тараптар бірқатар өтінішхаттар жариялады.
"Сотталушы Қайрат П.-дан жауап алынды, ал айыпталушы Алашбаева Г. өз құқығын пайдалана отырып, жауап беруден бас тартты", - делінген ақпаратта.
Іс бойынша жарыссөз 2025 жылғы 22 шілде күні сағат 11.00-ге тағайындалды.