Мәзір
19 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

БҚО-да блогер әкімнен ақша бопсалаған

Батыс Қазақстан облысында блогер Айболат Бөкенов ұсталды, деп хабарлайды buginmedia.kz «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

БҚО-да блогер әкімнен ақша бопсалаған БҚО-да блогер әкімнен ақша бопсалаған
Фото: azh.kz

Басылымның хабарлауынша, оны облыстық ҰҚК департаменті ұстаған.

«Бөкенов Жаңғалы ауданындағы ауыл әкімін ар-намыс пен қадір-қасиетін қорлайтын ақпараттарды таратамын деп қорқытып, одан 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша талап еткен. 16 шілдеде 300 мың теңге алған сәтінде ұсталды», – делінген ақпаратта.

Блогер кінәсін мойындаған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Апта талқысында: