Айыпталушы әншіні балаларға арналған фестивальге шақырғысы келген.
"Скиф Трейд" ЖШС-нің өкілі Максим Абдуразаковтың куә болу жайтына сүйенсек, айыпталушы оны ерекше қажеттігі бар балаларды қолдауға арналған фестивальге шақырып, қаржылай көмек көрсетуді ұсынған. Әңгіме 10 миллион теңге жайында болған және іс-шараның хедлайнері ретінде Димаш Құдайберген болатыны хабарланған, – деп оқыды прокурор Арман Кезекен.
Бұған дейін Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталған еді.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Иван Дорнға Астанада болмаған концерт үшін 9 мың еуро (шамамен 5,5 миллион теңге) төлеген.
"Тінту кезінде болмаған фестивальдерге дайындық құжаттары тәркіленді. Мысалы Иван Дорнның өнер көрсетуі үшін 9 мың еуро көлемінде төленген шот-фактура бар. Бұл "Астана" гольф-клубындағы фестивальде болуы керек еді", – деді прокурор Мадина Оразалина.
Әртістің ақысы төленген, бірақ ол өнер көрсетпеген болып шықты.