“Ұядан ұшқан күн”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары қалыңдыққа жақсы тілектер жазып, батасын берді.
“Бойында нәзіктік пен әдемілігі, қарапайымдылығы, адамгершілі қвзақтың табиғи сұлу қызы, өзіннің өмірлік серігін тауып, ұясынан ұшып жатыр! Әдемі жұпқа баянды бақыт тілейміз”, “Бағыңыз ашылсын”, “Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз, тек ғана бақытты болсыншы”, “Қандай жарасымды едіңіздер, Аллам барша жамандық атаулыдан сіздерді сақтасын, мәңгі бірге болуды жазсын”, “Бағың бес елі болсын, қызым”, – деп ақжарма тілегін арнады көпшілік.
Бұған дейін арудың таңдауы түскен жігіттің Жәнібек Ерболатұлы есімді алматылық кәсіпкер екені айтылды.