Мәзір
9 шілде, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот процесі ішінара жабық өтетін болды

2025 жылғы 9 шілдеде Қайрат П. және оның анасы Алашбаева Г.-ға қатысты 3,5 млрд теңге жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот процесі ішінара жабық өтетін болды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот процесі ішінара жабық өтетін болды
Фото: kaztag.kz

Астана қаласы сотының мәліметінше, тыңдау барысында сотталушы Қайрат П. және оның қорғаушысы қылмыстық істі жабық тәртіпте қарау туралы өтініш білдірді.

Прокурор жәбірленушілердің мүддесі үшін сотталушылардан жауап алу және құжаттардың бір бөлігін жабық форматта зерделеу қажет екенін айтты, себебі бұл материалдарда құпия және банк құпиясын құрайтын мәліметтер бар.

Жәбірленушілердің бір бөлігі бұл өтінішті қанағаттандыруды сұрады, ал екінші бөлігі бұл мәселені соттың қарауына қалдырды.
 

"Тараптардың уәждерін тыңдағаннан кейін сот істі ашық түрде қарауға шешім қабылдады", - делінген ақпаратта.

Сонымен бірге БАҚ өкілдеріне сот процесіне қатысуға және фото, бейнетүсірілім жасауға рұқсат берілді (сотталушылардың фото және бейнелерін түсіруге қарсы болған жағдайлардан басқа).

Осыған орай, жәбірленушілердің құпия және банк құпиясын құрайтын мәліметтерін сақтау мақсатында сотталушылардан жауап алу және осындай мәліметтерді қарау жабық сот отырысында өтетін болды.

▪️Негізгі сот отырысы 2024 жылғы 14 шілдеге тағайындалды.

Апта талқысында: