Мәзір
9 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Перизат Қайраттың соты жабық өтуі мүмкін

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс ішінара жабық қаралуы мүмкін. Бүгін Астанада өткен алдын ала тыңдауда сот осы мәселені пысықтап жатыр, шешім сағат 15:00-де жарияланады,  деп хабарлайды buginmedia.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Перизат Қайраттың соты жабық өтуі мүмкін Перизат Қайраттың соты жабық өтуі мүмкін
Фото: inbusiness.kz

Жабық өткізу – бұл ең алдымен айыпталушының талабы. Перизат Қайраттың қорғаушысы қылмыстық істе банк деректері, жеке мәліметтер сияқты құпия сақталуы тиіс ақпараттың болуына байланысты отырысты жабық өткізу туралы өтінішін жеткізді. Алдын ала тыңдауды жүргізген судья Каримов барлық тараптың пікірін ескере келе бұл ұсынысты қарастыратынын айтты.

Айта кетейік, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының залына Перизат Қайраттың өзі және Анасы Ғайни Алашбаева келді. Отырысқа қорғаушылар және іске қатысы бар өзге де тараптар қатысып жатыр. Бірнеше куәгер онлайн режимде қосылды. Перизат Қайрат сот залында өзін және анасын фото, бейне таспаға түсіруге қарсы екенін жеткізді.

Биыл 14 наурызда Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша күдікті деп танылған. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында көп рет қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықты ақша жинауға шақырған. Бұл қаражат мұқтаж балаларға, Палестина халқына және еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған. Жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгеге жетеді.
 

Апта талқысында: