Салюттің шамамен басталу уақыты – сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағынан атылады.
Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі атап өтіледі. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Азаматтарға отшашу кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтап, балаларды бақылаусыз қалдырмауға кеңес беріледі. Қалалық полиция мен төтенше жағдайлар қызметі мереке күні кезекшілік тәртіпте жұмыс істейді.