Мәзір
2 шілде, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Minval: Ресей Ақтау маңында құлаған ұшақты атуға бұйрық берген

2024 жылғы 24 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағына оқ Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен атылған, деп хабарлайды buginmedia.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Minval: Ресей Ақтау маңында құлаған ұшақты атуға бұйрық берген Minval: Ресей Ақтау маңында құлаған ұшақты атуға бұйрық берген
Фото: travelask.ru

Бұл туралы азербайжандық Minval ақпарат құралы әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) капитанының аноним хатымен және дыбыстық хабарламаларға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ресейлік капитан Дмитрий Паладичуктың түсініктемесінде ол 24–25 желтоқсан 2024 жылы Грозный қаласында №274 әскери машина командирі ретінде жауынгерлік кезекшілік атқарғаны айтылады. 25 желтоқсанда таңғы сағат 05:40-та «бірінші дайындық деңгейіне» көшу туралы бұйрық алған, ал 05:48-де тұрақты байланыс құралдарының болмауына байланысты ұялы байланыс арқылы бұл туралы баяндаған. Сағат 08:11-де белгісіз нысана анықталып, ілесуге алынған, координаттар берілген.

«Маған телефон арқылы нысананы жою туралы бұйрық берілді», – делінген хатта.

Сондай-ақ, түсініктемеде тұман салдарынан нысана оптикалық құралдар арқылы көрінбегені айтылған. ӘСК басқару пунктінен 08:13:30 кезінде зымыран атылған, бірақ 08:13:47-де нысанаға тимеген. 08:13:48-де жаңартылған координаттар бойынша қайта атқылау бұйырылған.

Minval бұл хаттың түпнұсқа екенін растамайды. Дегенмен, алынған мәліметтер апатқа байланысты тергеу жүргізіп жатқан Әзірбайжан құқық қорғау органдары үшін маңызды ақпарат болуы мүмкін. Кейінірек ресейлік «Агентство», ASTRA және Insider басылымдары хаттың түпнұсқалығын растады.

Еске салайық, 2024 жылғы 24 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қаза тапты, олардың басым бөлігі – Әзірбайжан азаматтары. Әзербайжан билігі Ресейді айыптады. Алғашқы да кінәсін мойындамағанымен, Ресей президенті Владимир Путин «ұшақтың Ресей аспанында бүлінгені» үшін кешірім сұрады.

2025 жылдың ақпан айының басында Қазақстанның тиісті ведомствосы алдын ала есеп жариялады. Онда фюзеляждың құйрық бөлігінде, тік қанатта, тұрақтандырғышта, биіктік және бағыт рульдерінде көптеген тесіктер мен зақымдар анықталғаны айтылған. Кейбір зақымдардың тікбұрышты формасы олардың сырттан тиген нысанадан болғанын көрсетеді.

Апта талқысында: