Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика бойынша жаңбыр, солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.