Циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясының басым бөлігінде өз әсерін сақтайтын болады: оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, солтүстікте ы күтіледі. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
Абай облысының батысында, орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.