Мәзір
22 қазан, 2024 / BuginMedia / Мәдениет

Жазушыны есеп үшін жиынға шақырған жастар ұйымы мәлімдеме жасады

Жетісу облысының жастар ұйымы жазушының жазбасына қатысты ресми түсініктеме беріп, жазушымен күн тәртібі келісілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz

Жазушыны есеп үшін жиынға шақырған жастар ұйымы мәлімдеме жасады Жазушыны есеп үшін жиынға шақырған жастар ұйымы мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/qanat_tileuhan/

"2024 жылғы 29 мамырда Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мен Жастар конгресі арасында "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты нығайтуға бағытталған" жобаны ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Техникалық ерекшелікке сәйкес, біз жыл соңына дейін кемінде 21 іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. 17-қазанда техникалық ерекшелікке сәйкес басқармамен TEDx форматындағы іс-шараны өткізу және оның шеңберінде спикер ретінде Қанат Тілеуханды шақыру келісілді. Алайда алдын ала келіссөздер барысында біз спикерге шараның күн тәртібіне сәйкес "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбына арналғанын толық хабарламадық және талқыламадық. Сонымен қатар 2024 жылғы 21 қазанда іс-шараны өткізу күні қатысушылар саны (кемінде 100 адам) толық қамтамасыз етілмеді, нәтижесінде, күтпеген жағдайлар орын алып, спикер іс-шараны өткізу орнынан кетті. Осыған байланысты, біз бұл іс-шараның шығындарын өз есебімізге аламыз. Сонымен қатар іс-шара есепке енгізілмейді және қайта өткізіледі", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін жазушы, журналист Қанат Тілеухан Талдықорғанда есеп үшін ұйымдастырылған кездесудің еріксіз қатысушысы болғанын жазып, ренжіген болатын.

Апта талқысында: