Вице-министрдің айтуынша, бүгінде тиісті өзгерістерді әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды.
"Қайырымдылық туралы заңға бірнеше бағыт бойынша өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, азаматтарды қайырымдылық көмек көрсетуге ынталандыру көзделіп отыр. Екінші мәселе, жариялылық пен есептілік қамтамасыз ету. Барлық қайырымдылық ұйымы есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті болады, - деді Қанат Ысқақов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.