"Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілінбейді. Депутаттар қылмыстың қандай түрі болмасын егер адам өлімі болса , рақымшылыққа ілінбеуі керегін айтты. Тіпті жол апаты кезінде байқаусызда өлімге себеп болған жағдайлар бойынша да рақымшылық жасалмайды.", - дейді Шындалиев.
Еске салайық, бұған дейін азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.