“Выход к правде” телеграм арнасының мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.
Elmedia дереккөздерінің айтуынша, министрді ҰҚК ұстаған.
«Біздіңше, бұл қаржы жымқыруға қатысты болуы мүмкін», – деп нақтылады дереккөз.
NEGE дереккөздерінің хабарлауынша, тінту шаралары таңертең өткен, қазір экс-министр үйінде. Журналист Әсет Матаевтың хабарлауынша, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Еске сала кетейік, 8 маусымда Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалған болатын.