Мәзір
4 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қазақстандық ғалымдар соңғы он жылда екі препарат қана шығарған

Жоғары аудиторлық палата 2024 және 2025 жылдары жүргізілген екі аудиттың қорытындысын жариялап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі кемшіліктерді жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстандық ғалымдар соңғы он жылда екі препарат қана шығарған Қазақстандық ғалымдар соңғы он жылда екі препарат қана шығарған
Фото: youdrop.ru

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстанның фармацевтика нарығы 2024 жылы 1,2 трлн теңгені құраса, оның 84%-ы – шетелдік өнім. 2022-2024 жылдары медицина ғылымын қаржыландыруға 58 млрд теңге жұмсалған. Алайда биомедициналық зерттеулерді тіркеу жүйесі мен клиникалық базалар тізілімі әлі де жасалмаған.

«Ғылыми зерттеулердің нәтижелігі өте төмен. Соңғы 10 жылда елімізде небәрі екі түпнұсқа отандық препарат тіркелген. 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалғанына қарамастан, олардың біреуі Ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген», – дейді Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

 Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жоғарыда айтылғандарды растады.

«Соңғы уақытта «ҚазВактан» басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы 10 жылда тек 2 препарат шығарылған, олардың бірі – «Йод және калий йодиді». Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалған, бірақ ол тіпті формулярға да енгізілмеген, яғни қолданылмайды», - дейді депутат.

Апта талқысында: