Мәзір
29 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Қаржаубайдың қорғаушылары істі топтасып адам өлтіру бойынша қайта тергеуді талап етті

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша судья Ержан Жанұзақов істі прокурорларға қайтару туралы өтінішті екінші рет те қанағаттандырмады, деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржаубайдың қорғаушылары істі топтасып адам өлтіру бойынша қайта тергеуді талап етті Қаржаубайдың қорғаушылары істі топтасып адам өлтіру бойынша қайта тергеуді талап етті
Фото: Orda.kz

Бұл жолы мұндай өтінішті жәбірленуші тараптың адвокаттары білдірді. Олардың айтуынша, қылмыс топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған. Сол себепті істің мән-жайын толық және әділ ашу үшін материалдарды қосымша тергеуге қайтару қажет.

Оларды басты айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов қолдады.

«Қазіргі уақытта барлығы кінәні Абзал Шынасылға аударып жатыр. Ешкім өз жауапкершілігін мойнына алғысы келмейді. Біз тек осылай ғана шындыққа жете аламыз», — деді қорғаушы.

Алайда мемлекеттік айыптаушылар мұндай тұжырыммен келіспейтінін айтып, қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырмауды сұрады. Судья Жанұзақов екі тарапты тыңдап болған соң, істі қайта тергеуге қайтаруға негіз жоқ деп шешті.

Айта кетейік, бұған дейін, 15 мамыр күні дәл осындай өтінішті айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың адвокаты айтқан еді. Ол Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтардың күдікті ретінде танылғаны жөніндегі қаулы тергеу материалдарында жоқ екенін мәлімдеген болатын. 

Апта талқысында: