Мәзір
28 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

20 млн теңге айыппұл, 10 жылға соттау: қыз алып қашқандарға жаза қатаңдатылады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарға 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатынын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

20 млн теңге айыппұл, 10 жылға соттау: қыз алып қашқандарға жаза қатаңдатылады 20 млн теңге айыппұл, 10 жылға соттау: қыз алып қашқандарға жаза қатаңдатылады
Фото: azh.kz

“Егер қызды еркінен тыс алып қашса, бірақ күш қолданбаса, 8 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады немесе сол шеңберде қоғамдық жұмысқа тартылады.Егерде алып қашқаннан кейін күш жұмсап, қорқытып-үркітсе, қыз 18 жасқа келмесе, 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салып,  3-7 жылға соттайды. Қыздың алып қашу кезінде денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, 10 жылға сотталады”, – деді депутат. 

Мұрат Әбенов қыз өз еркімен қашып барған жағдайда ешқандай қылмыстық жауапкершілік жоқ екенін мәлімдеді. Айтуынша, бұл заң екі тарапқа да бірдей. Яғни, ер адамдарға да қатысы бар. Тек мәжбүрлеп, күш қолданған жағдайда ғана заң шеңберінде шара қолданылатынын айтты.

Апта талқысында: