Мәзір
27 наурыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Ата-анасын асырағысы келмеген балаларынан қарттар алимент талап ете алады

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта баласынан алимент өндіріп алуға құқығы бар қарттар жайлы айтқан, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ата-анасын асырағысы келмеген балаларынан қарттар алимент талап ете алады Ата-анасын асырағысы келмеген балаларынан қарттар алимент талап ете алады
Фото: baq.kz

«Неке, ерлі-зайыпты және отбасы туралы» кодекске сәйкес еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндеттеледі. Қамқорлық жасалмаған жағдайда балаларынан сот тәртібі арқылы алимент өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, алимент жеке тұлға мен қарт адамның жеке шешіміне байланысты өндіріледі», - дейді Көшербаев.

70-жастан асқан қарт адамдардың жылжымайтын мүлкін басқа адамның атына рәсімдеуге тыйым салуға қатысты Конституцияға сәйкес ел азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауға құқығы бар және соттың шешімісіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.

Апта талқысында: