Мәзір
27 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Оскар сыйлығын алған танымал актер үйінде әйелімен бірге өлі табылды

Оскар сыйлығын алған актер Джин Хэкмен мен оның әйелі және иті өлі күйінде табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz Santa Fe New Mexican газетіне сілтеме жасап.

Оскар сыйлығын алған танымал актер үйінде әйелімен бірге өлі табылды Оскар сыйлығын алған танымал актер үйінде әйелімен бірге өлі табылды
Фото: © Freepik

АҚШ-та актер Джин Хэкмен, оның әйелі Бетси Аракава және олардың иті өлі күйінде табылды. Олардың денесі Санта-Федегі өз үйінен табылған. Олардың өлімінің нақты себебі әлі белгісіз. Сонымен қатар қашан мерт болғаны да айтылмады. Ал құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, үйден ешқандай қылмыс ізі табылмаған. 

Джин Хэкмен  1930 жылы 30 қаңтарда Калифорнияда дүниеге келген. Ол екі рет «Оскар» және BAFTA сыйлықтарының иегері болды. Ал оның жұбайы музыкант және кәсіпкер Бетси Аракава 63 жаста еді. 

Апта талқысында: