Мәзір
26 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Әскери ұшақ тұрғын үйге құлады: 46 адам ажал құшты

Суданда әскери ұшақ апатынан 46 адам қаза тапты, - деп хабарлайды buginmedia.kz Orda.kz-е сілтеме жасап. 

Әскери ұшақ тұрғын үйге құлады: 46 адам ажал құшты Әскери ұшақ тұрғын үйге құлады: 46 адам ажал құшты
Фото: travelask.ru

Суданда әскери әуе ұшағы апатқа ұшырады. Қаза болған 46 адамның ішінде жоғары дәрежелі әскери адамдар да болды. Апаттан 10-ға жуық адам жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Омдурман қаласындағы әскери аэродром маңындағы халық тығыз орналасқан ауданда құлаған. Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.

Дереккөздің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында бұрын Хартум гарнизонын басқарған үкімет армиясының қолбасшыларының бірі генерал — майор Бар Ахмед та бар көрінеді. Борттағы әскери қызметкерлерден бөлек, тұрғындар да мерт болған.

Бастапқыда борттағы 19 жолаушы қаза тапқаны айтылған. Содан кейін құрбан болғандар саны 46-ға жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Апта талқысында: