Мәзір
24 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға 20 мың теңгеге жуық төлем беріледі

8 наурыз қарсаңында шымкенттік көпбалалы аналарға 5 АЕК көлемінде бірреттік төлем беріледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға 20 мың теңгеге жуық төлем беріледі 8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға 20 мың теңгеге жуық төлем беріледі
Фото: gov.kz

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Шымкент қаласында 2025 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.

Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.

Апта талқысында: