Мәзір
22 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлемде

Анасы дүкенге кеткенде 3 баласы өрттен қаза тапты

Ресейдің Шадринск қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш бала көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Анасы дүкенге кеткенде 3 баласы өрттен қаза тапты Анасы дүкенге кеткенде 3 баласы өрттен қаза тапты
Фото: Ресей ТЖМ

Түтінді байқаған көршілер дереу құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйден үш баланың денесін тапқан.

Ресей ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру кезінде құтқарушылар төрт жасар егіздер мен үш жасар баланың денесін тапқан. 7 жасар әпкесі 4 айлық інісін өрттен аман алып қалған, алайда қалған бауырларын құтқара алмаған.

Қайғылы оқиға кезінде ата-анасы үйде болмаған: әкесі жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен.
Балалар қараусыз қалғанда тез тұтанатын заттармен ойнаған болуы керек..

Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған. Оны сөндіруге Ресей ТЖМ-нің 37 өрт сөндірушісі мен 15 техникасы жұмылдырылды.

Апта талқысында: