Мәзір
22 ақпан, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Осы жерден өзім нүктесін қояйын»: Алмас Кішкенбаев алғаш рет желіге шықты

Әнші Алмас Кішкенбаев басы дауға қалғалы алғаш рет әлеуметтік желіге шықты, деп хабарлайды buginmedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Осы жерден өзім нүктесін қояйын": Алмас Кішкенбаев алғаш рет желіге шықты "Осы жерден өзім нүктесін қояйын": Алмас Кішкенбаев алғаш рет желіге шықты
Фото: instagram.com/a.kishkenbaev

Б"әрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтиң жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Бәрі құдайға шүкір аяқталды. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар", – Алмас Кішкенбаев.

 БҰҒАН ДЕЙІН

Сотта Алмас Кішкенбаевтың мас күйінде бола тұра, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені анықталды. Сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша - “Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер” үшін жауапкершілік қарастырылған.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Кейін оның Кішкенбаев екені анықталды. 

Әнші таяуда бостандыққа шықты.

Апта талқысында: