Мәзір
Бүгін, 09:05 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Ішіме тиіспеңдер!»: Ерке Есмахан өзін жүкті дегендерге жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің жүктілігі туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Ішіме тиіспеңдер!»:  Ерке Есмахан өзін жүкті дегендерге жауап берді «Ішіме тиіспеңдер!»:  Ерке Есмахан өзін жүкті дегендерге жауап берді
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде өнер иесінің қайтадан жүкті болуы мүмкін деген болжам тараған. Бұған әншінің сахнада кең киіммен жүрген видеосы себеп болған.

Көпшіліктің пікіріне Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

«Ішіме тиіспеңдер. Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма бір жыл ғана болды ғой», – деп жазды әнші.

Еске салайық, Ерке Есмаханның үшінші баласын дүниеге әкелгеніне бір жылға жуық уақыт болған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2