«Яншо таулары — бір рет болса да көруге тұрарлық ерекше жер екен. Табиғаты керемет, атмосферасы бөлек», - деп жазды әнші суретінің астына.
Жазба астында пікір білдіргендердің бір бөлігі олардың арасында қарым-қатынас болуы мүмкін деп болжаған. Енді бірі мұны кездейсоқ сәйкестік деп санайды.
«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Арман сенен күтпедім» деген пікірлер жазылған. Сондай-ақ кейбір оқырман Баян Алагөзова бұған дейін Аша Матайдың қиын кезеңді бастан өткеріп жүргенін айтқанын еске салды.
Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырдың ажырасып кеткені туралы әңгіме 2021 жылдан бері айтылып келеді. Жанкүйерлер кейін жұптың бірге түскен суреттерін жариялауды тоқтатып, әлеуметтік желіде негізінен балаларымен түскен фотоларды бөлісе бастағанын байқаған.
Жұлдызды жұп жеке өміріне қатысты қауесеттерге ресми түсініктеме берген жоқ.