Мәзір
22 ақпан, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Еркек біткеннің бәріне жабысты»: Жұлдыз Әбдікәрімова сынның астында қалды

Танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ресми жиында ер азаматтармен жақын амандасқаны үшін желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды buginmedia.kz

«Еркек біткеннің бәріне жабысты»: Жұлдыз Әбдікәрімова сынның астында қалды «Еркек біткеннің бәріне жабысты»: Жұлдыз Әбдікәрімова сынның астында қалды
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әлеуметтік желіде тараған видеода Әбдікәрімованың ер азаматтармен бет сүйісіп, құшақтасып, жақын амандасқаны байқалады. Бұл жайт қоғамда түрлі пікір туғызып, көптеген қолданушылар оны орынсыз деп бағалады.

Әлеуметтік желіде актрисаның әрекетін сынаған пікірлер көбейді. Көпшілік «Еркек біткеннің бәріне жабысты», «Сонша жақындап не болды?», «Күйеуі бар әйелге ұқсамайды», «Министрдің өзі ыңғайсызданып қалды ғой» деген пікір қалдырды.

Кейбір қолданушылар актрисаны сыпайылық танытты деп ақтауға тырысса, енді біреулері «қоғамдық ортада шектен тыс әрекет жасамау керек» деген пікір білдірді.

Қазіргі таңда оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, қызу пікірталасқа ұласып жатыр.

Апта талқысында: