Мәзір
20 ақпан, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Қызым менің»: Ерке Есмахан құрсағындағы сәбиінің кім екенін айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде Stories түсіріп отырып, абайсызда құрсағында сәбиінің жынысын айтып қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Қызым менің»: Ерке Есмахан құрсағындағы сәбиінің кім екенін айтты «Қызым менің»: Ерке Есмахан құрсағындағы сәбиінің кім екенін айтты
Фото: instagram/erke_esmahan

Видеода әнші боянуға арналған косметикаларын көрсетіп отырып, сөз арасында құрсағындағы сәбиінің кім екені туралы айтты.

«Көрсетіп отырған косметикамның бәрі жап-жаңа. Жақында Парижге барғанда алғанмын. Бұның бәрін енді қызыма да бере алмаймын. Қызым менсінбейтін шығар, «мама, мынаның бәрі ескі» деп», - дейді Ерке Есмахан Stories-те.

Ал видеоның бетіне «Қызым менің қызым» деп жазып қойды.

Ол сол сияқты балықтың уылдырығын көп жейтінін меңзеп, жүктілік уақытында 6 килограмм салмақ қосып алғанын айтты.

Апта талқысында: