Мәзір
18 ақпан, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышты жаңалығын жария етті

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй мәселесі оңынан шешілгенін айтып, оқырмандарымен қуанышын бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

«Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышты жаңалығын жария етті «Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышты жаңалығын жария етті
Фото: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса осы қиын сәтте жанынан табылған және жанашыр болған жандарға алғыс білдірді.

«Жақсы жаңалық. Ең алдымен, алғыстан бастағым келеді… Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды. Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек» деп суық қана смс жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы, айналамдағы адамдар сүзгіден өтті. Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Апта талқысында: