«Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін,
Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын,
Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін,
Адамдар бар, қайта оралуға болмайтын», - деп актриса бір шумақ өлең оқыды.
Актрисаның бұл видеосын желі қолданушылары отбасындағы жағдаймен байланыстырып, пікір қалдырды.
«Мықты бол, әр сүрінгеннен қайта тұрып, жүруге қақың бар», «Сөз төркінін түсінетін адам түсінді», «Үйді жаныңыздан босатыңыз. Жабыспаңыз», «Түсінген жанның жүрегін тіліп өттің-ау», «Қайрат, қош бол! Жұлдыз сен мықтысың», «Жұлдыз, сен бұл сынақтан әлі-ақ өтіп кетесің», - деп жазды желі қолданушылары.