Келесі үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Аздаған қармен бірге бұрқасын күтіледі.
Ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі мүмкін.
Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде –10-15°C, солтүстік-батыста –17-25°C, солтүстікте, орталықта –17-28°C, шығыс аймақтарында –18-35°C дейін төмендеуі күтілуде.